Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды

444
13.10.2021 02:32

Киелі Түркістан қаласындағы Қожа ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына арнап 100 Құран хатым дұғасы жасалды. Іс- шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев және облыс бас имамдары мен қарилар қатысты. Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мен қарилар еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.