Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы барысында қалтасын қампайтқысы келген 35 жауапты маман анықталды. Жыл басынан бері Түркістан облысында 200-ден астам қызметкердің ісі тексеріліп, тергелуде. Бүгінге дейін облыстық деңгейде 3, аудан деңгейінде қызмет атқарған 7 шенеунік сотталған. Бұл туралы Қоғамдық кеңес алдында есеп берген Хакім Көшқалиев айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері өңір экономикасының барлық саласын бақылауға алып отыр. Сапалы жол бойынша облысымызда 44 заң бұзушылық анықталған. Департамент қызметкерлерінің нұсқауынан кейін оның 36-сы жедел қалпына кетірілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыстық департаменті ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірнеше жобаны қолға алды. «Антикор лайв», «Адал көмек» тағы да басқа жобалар арқылы 1 млн-ға жуық азаматтың өтініші қаралған.
️