Брюссельде әлем елдері басшыларының климаттық өзгеріске қарсы күрес жүйесіне көңілі толмаған халық наразылық шеруге шықты. Жер бетінен жойылып бара жатқан балық пен жануарлар киімін киіп алған олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Глазгода өтетін климаттық саммитіне үндеу жариялады. Өйткені жыл өткен сайын жер бетінде әбден тозығы жеткен жерлер мен экологиялық апаттар көбейіп барады. Адамзаттың планета тағдырына селқос қарауы түбінде неге әкеліп соғуы мүмкін? Ергелді Тілеуқұлдың репортажы.
️