77 қылмыстық іс. Бұл интернет арқылы есірткі сату фактісі бойынша тіркелген деректер саны. Жыл басынан бері бұл қылмыс үшін 3 тен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазірдің өзінде 90 қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Одан өзге, дәрілік шөпті жарнамалаған 555 сайт бұғатталды. Есірткі қылмысына қатысты басқарма басшысының айтуынша, интернет кеңістікке тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Сол арқылы психотроптық заттарлы саудалауға бағытталған мәліметі бар сайт, әлеуметтік желідегі жазба, жарнамаларды анықталады. Құқықтық статистика комитетінің мәлімдеуінше, елімізде 18 мыңға жуық есірткіге тәуелді науқас есепте тұр. Оның 1,5 мыңы әйелдер болса, 62-сі жасөспірімдер.
️