Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға берілген мектеп формаларының сапасы өте төмен. Бірі өте кең болса, енді бірі өте тар. Киім алған балалардың денесіне сай өлшемі берілмеген. Осы және өзге де мәселелер Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары өткізген қоғамдық қабылдауда талқыға түсті. НұрОтан партиясының мүшелері көшелерге жол салу жайын талқылады. Жер мәселесі, емхана қажеттілігі де қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көкейкесті сауалдары болды. Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңарту түйткілі де тұрғындарды мазалайды. Халыққа көмек акциясы бойынша өткізілген қабылдауда көтерілген мәселелердің орындалуын депутаттар басты назарда ұстайтынын айтты.
️