Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барған 7 адам жоғалып кетті. Төтенше жағдайлар министрлінің дерегінше, 21 мамыр күні туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Сүйтіп олар 24 мамырда оралуы керек болған. Алайда сол беті қайтып келмепті. Өткен тәулікте іздестіру топтары 40 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралап шыққан. Одан бөлек, екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста барлау жүргізілген. Қазір іздестіру жұмыстарына 25 құтқарушы, 2 квадрацикл және 7 техника жұмылдырылды.
️