Түркістанда шаңды дауыл болды

246
08.10.2021 02:50

Бүгін Түркістанда шаңды дауыл тұрды. Қатты соққан желдің екпіні секундына 26 метрге дейін жетіп, қаланы тұтастай шаң басты. Бүлінген ғимарат жоқ, ешкім зардап шекпеді. Осыған байланысты жүргізушілер жолда жүру ережесіне сәйкес, арақашықтықты сақтап, абай болғаны жөн. Ал, тұрғындар үлкен ғимараттардың шатырынан сақ болуы керек дейді төтенше жағдайлар қызметі. Ал синоптиктер қолайсыз ауа райы ертеңге дейін сақталады дейді. Жұма күні күн суытып, жауын шашының болуы да ықтимал