Ауғанстан: Тәліптер электр ақысын төлемей отыр

227
07.10.2021 01:20

Ауғанстан астанасы Кабул алдағы бір айда жарықсыз қалуы мүмкін. Өйткені тәліптер электр ақысын төлемей отыр екен. Айта кетсек, елдегі энергияның басым бөлігі Түрікменстан, Тәжікістан мен Ираннан жеткізіледі. Үкімет басына тәліптер келгелі тұрғындардан электр ақысы жиналмаған көрінеді. Осыған байланысты шекаралас елдер энергия беруді тоқтатпақ. Ал қарыз көлемі 90 милллион долларға жеткен. Сондай-ақ қуаңшылықтан елдегі су электр станциялары да жұмыс істемей тұр.