Алматыда банк тонаған қарақшылар сотталды

164
07.10.2021 00:53

Алматыда бетперде киіп банк тонағандар сотталды. Оқиға өткен жылдың қазан айында болған еді. Күдіктілердің екеуі шабуыл жасаса, үшіншісі көлікте күтіп отырған. Ресми мәлімет бойынша, қарақшылар банкке 2 жарым миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірген. Сот олардың екеуін 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ал үшіншісіне «Қарақшалық» бабымен қатар «Алаяқтық» бойынша да айып тағылды. Ол 2019 жылы риэлтор болып, пәтер сатып алмақ болған 7 адамның қаражатын жымқырған. Шығынның жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады. Ол 8 жылға сотталды.