“Погонды журналист” жоғалған баланы табуға атсалысты

450
05.10.2021 21:43

Түркістан облысы бойынша құқықбұзушылық деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 31 қылмысты құрайды. Бұл еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Яғни 2 миллионнан астам халқы бар Түркістан облысы еліміз бойынша ең қылмысы аз облыс болып саналады. Бұл ретте учаскілік полицейлердің үлесі зор. Себебі кез-келген оқиға орнына бірінші болып жететін солар. Елімізде  «Погонды журналист» республикалық жобасы өтіп жатыр. Соның аясында біздің арнаның тілшісі де учаскелік полицей болып көрді. Тіпті жоғалып кеткен 5 жасар баланы табуға атсалысты.