Биыл елімізде 4 мыңнан аса адам бостандыққа шығуы мүмкін. Ол үшін Президент жаңа заңға қол қойса болды. «Рақымшылық туралы» заң әлі де Парламент қарауында. Құжатта жеңіл және орта деңгейде қылмыс жасағандарды түрмеден босату көзделген. Мұндай жеңілдік ел тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай жарияланады. Ал сол амнистияға тек қоғамға қауіп төндірмейтіндер ғана ілігеді. Бұл мүмкіндікке ең алдымен зейнет жасындағы сотталғандар, мүгедектер және кәмелетке толмай қылмыс жасағандар мен аяғы ауыр келіншектер ие болады. Жазасын өтеп жатқандардың арасында амнистияға ілікпейтіндер де бар.
️