Қазақстан құрамасы футзалдан төртінші орынды иеленді

263
04.10.2021 22:32

Литвада өткен футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4-ші орын алды. Отандастарымыз бразилиялықтармен үшінші орынға таласқа түскен еді. Екі құраманың ойыны соңына дейін тартысты өтті. Алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен басым түскен болатын. Десе де келесі кезеңде қарсы команда дес бермеді. 4:2 есебімен Бразиялықтар жеңіске жетті. Дегенмен Қазақстанның Әлем чемпионатында үздік бестікке дейін жетуі команда тарихындағы алғашқы жетістік. Осы турнирдегі жетістігі үшін Халықаралық футбол федерациясы Қазақстан құрама командасын арнайы сыйлықпен марапаттады.