Сенатор журналистер мәртебесін көтеруді ұсынды

402
30.09.2021 22:52

Журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдау қажет. Сенатор Нұртөре Жүсіп бүгін осындай ұсыныс жасады. Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде көрсетілмеген. Яғни журналист не мемлекеттік қызметші, не кәсіпкер санатында жоқ белгісіз тұлға. Яғни санда бар, санатта жоқ. Осының кесірінен тұрғын үй алуға өтініш бере алмайды. Сенаторлар журналистерге сот, прокуратура, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді деп санайды.