Ауғанстанда білім беру қызметкерлері мен дәрігерлер бірнеше айдан бері жалақысыз отыр. Осыған байланысты мамандар Халықаралық қауымдастықтан елге қаржылай көмек берулерін сұрауда. Айта кетсек, осы уақытқа дейін аймақтағы сегіз мыңнан аса дәрігерге Дүниежүзілік банк жалақы төлейтін. Ал шілде айынан бастап төлем тоқтатылған. Осының салдарынан елде ана мен бала өлімі көбейген. Мұғалімдер болса талибандардан қыз балаларға арналған сынып ашып берулерін сұрап отыр. Ауғанстандағы қазіргі жағдайға байланысты Орталық банк пен Халықаралық валюта қоры елге бөлінетін қаражатты тоқтатқан. Ал Ақш аймақтың активтерін бұғаттап тастаған. Айта кетсек Үкімет басына тәліптер келгелі елде жұмыссыздар саны күрт артқан.
️