Сауран ауданы, Сұлтанбек Қожанов ауылының жастары асарлатып жүр. Сол елді-мекенде тұратын көпбалалы жалғызбасты анаға ел болып жиылып жаңа баспана салып берген. Көп түкірсе көл деген сөзді алға тартқан ауыл тұрғындары, көршілерінің үйі құлап жатқанда қарап отыра алмадық дейді. Жаңа баспанаға ие болған ананың да қуанышында шек жоқ. Құрылысқа шамамен 4 миллионнан астам қаржы кетті дейді ауыл тұрғындары. Бұл С.Қожанов жастарының алғашқы көмегі емес екен. Бұған дейін олар ауылға су жаңа мешіт салып, мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп келіпті.
️