Madman тобына айып тағылуда

267
27.05.2021 22:48

Жастар арасында танымал Mad MEN тобының әншілеріне ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық етті деген айып тағылды. Естеріңізге салсам, бір ай бұрын Алматыда полицейлер тұрақты есірткі желісін жойған еді. Оған қатысы бар 10 адам анықталды. Ұйымдасқан топты 27 жастағы ер адам басқарған. Олар бір жыл бойы синтетикалық есірткі өндіріп, сатып келген. Тіпті күдіктілердің логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясына жіберіп отырғаны анықталды. Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауда отыр.