Өңірдегі ветеринарларға автокөліктер табысталды

257
30.09.2021 22:34

Президент биылғы жолдауда ветеринарлардың жалақысын арттырып, оларды жаңа жабдықтармен  қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарын салуға жеке инвесторлар тартуды жүктеген. Жолдауда көрсетілген басым бағыттар Түркістан облысында жүзеге асып келеді. Ветеринарларға автокөліктер  берілуде, ал жеке қаржыға клиника салынып жатыр.