Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты 5 адамның өмірін жалмады. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Тайота камри автокөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бетке шығып кетіп, Nexıa Ravon көлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша көліктердің сау тамтығы қалмаған. Апаттан аман қалған 18 жастағы қызға Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында омыртқасына шұғыл ота жасалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал полицейлер осы жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын жеткізді.
️