Үздік мұғалімдер ұлықталды

189
30.09.2021 22:15

Төл мерекеде Ұстаздар құрметке бөленді. Бүгін  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биыл 14  мұғалімі  үздік деп танылды. Оның  төртеуі республикалық кезеңінде жеңімпаз атанып 1 млн 278 мың теңге сыйақы ие болды. Ал, 10 мұғалім облыстық кезеңінде үздік атанып 850 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Шарада арадагер ұстаздарға гүл шоқтары тапсырылды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатынмен 18 мұғалім марапатталды. Жоғары нәтиже көрсеткен ұлағатты мамандық иелерін  облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтады. Оларға төсбелгілер мен ақшалай сертификат табыстады.