Елде санақтан онлайн өткендер саны 6 млн 44 мыңнан асты. Яғни тіркелгендердің үлесі 32 процентке жетті. Сұрақтарға 5 млн-нан астам адам Sanaq.gov.kz сайты арқылы, қалғаны Egov порталы мен Аitu қосымшасында жауап берген. Әзірге Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының халқы белсенді. Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстары көш соңында тұр. Онлайн санақ 15 қазанға дейін жалғасады.
️