Альберт Линдердің өлімі бас бапкер қызметінен кетті

194
29.09.2021 22:39

Қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің өлімінен кейін ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Седов қызметінен шеттетілді. Бұрынғы ауыратлеттердің шағымынан кейін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына спорт ардагерлері мен сарапшылар енеді. Еске салайық, 25 жастағы ауыратлет Альберт Линдердің қайтыс болғаны туралы ақпарат 17 қыркүйек күні шықты. Жастар арасында әлем, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы өз-өзіне қол жұмсаған. Осы жағдайдан кейін оның бауыры Семен Линдер спортшының барлық медальдерін көміп тастап, Қазақстан құрамасының бапкерлеріне шағымданған еді.