Түркістан облысы Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира деген ат қойылды. Мерзімінен бұрын туған сәбилер әлі перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында. Бүгінде олар салмақ қосып, денсаулықтары жақсарып келеді. Әзірге олардың ауруханадан қашан шығатындары белгісіз. Ата-анасының шақалақтардан бөлек бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында, ал отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының батыр аналары «үшемдетіп» рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Себебі жыл басынан бері бесінші үшем дүниеге келіп отыр.
️