Түркістан
EN

Мақтааралда каналдар жаңартылып жатыр

15
20.11.2026

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында «Жетісай-Мырзакент» тас жолының бойымен өтетін К-15 каналы күрделі жөндеу жасалып жатыр. Аудандағы егістік алқаптарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін 16 шақырымдық арна толықтай бетондалып, суды үнемдеуге мүміндік бермек. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жайында әріптесім Көркем Әбдіғали тарқатып айтады. 

Бұған дейін каналдан су алу тіпті қиын еді. Табанындағы лай батпақтан су дұрыс ақпайтын. 6 мың гектарға жуық егістікті дер кезінде суландыру үшін диқандар машақатқа түстен-ді. Арнаның бүгінде 3 100 метрі заманауи талаптарға сай бетонмен қапталды. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар судың шығынын азайтып, шаруаларға үлкен септігін тигізбек.