Түркістан
EN

«Бәйдібек ата» су қоймасындағы құрылыс жұмыстарын аяқтауға 1,2 млрд теңге бөлінді

15
20.11.2026

Түркістан облысындағы «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысын аяқтауға 1,2 миллиард теңге бөлінді. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сыйымдылығы 68 миллион текше метр болатын су қоймасы 9,7 мың гектар жерді суландыруға мүмкіндік береді. Жоба көктемгі тасқын суды жинап, оны егін суару кезеңінде тиімді пайдалануға бағытталған. Өңірде су тапшылығын азайту үшін каналдарды жаңғырту, жаңа су қоймаларын салу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасуда.