Түркістан
EN

Сайлауға дайындық пысықталды

14
20.11.2026

Алдағы мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық барысын бақылау үшін Түркістан облысына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы келді. Өңірдегі сайлау учаскелерінің әзірлігін тексеріп, жауапты мамандармен кездескен комиссия басшысының жұмыс сапары туралы тілші материалында.

Бүгінде Түркістан облысында 1 миллион 210 мың 974 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл – өңір халқының 56 пайызы. Саяси науқан күні облыста 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оған 1282 комиссия мен 7976 маман жұмылдырылады. Өңірдегі дайындық барысы арнайы мәжілісте талқыланып, жауапты құрылымдардың есебі тыңдалды. Сайлау учаскелерінің әзірлігі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы облыс әкімдігі аппаратының басшысы Файзулла Байдуллаев баяндады.