Түркістанда сұлулық салондарына қажетті тауарлар сататын «Baya» дүкені ашылды. Сауда орнындағы сөрелерден күнделікті дене күтіміне керекті дүниелермен қатар шеберлерді жұмысына қажетті кәсіби құрал-жабдықтарға дейін табуға болады. Дүкеннің ашылу салтанатына біздің түсірілім тобы арнайы барған болатын. Келесі сюжетке зер салайық.
Түркістанда сұлулық индустриясына деген сұраныс жыл санап артып келеді. Сондықтан сала мамандары үшін сапалы құрал-жабдық пен кәсіби өнімнің маңызы зор. «Baya» дүкенінде шаш, кірпік, тырнақты ретке келтірумен айналысатын шеберлерге арналған барлық дүние бар. Сөреде самсап тұрған түрлі тауардың бәрі түпнұсқа. Белгілі брендтердің өнімі. Сондықтан дүкен иесі Ақжібек Үсенова тауарлардың сапасына ешқандай сын болмайтынына кепілдік береді.