Ауғанстандағы миллиондаған халыққа аштық қаупі төніп тұр

154
28.09.2021 22:51

Ауғанстандағы ішкі босқындар уақытша үйлерде тұрып жатыр. Олар Талибан үкіметі құрылғаннан кейін, көмек келеді деген сенімде. Себебі, қазір олардың тұрмысы мүлде нашарлап кеткен. Сондықтан сарапшылар Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қолға алуы тиіс дейді. Дерек бойынша, бұл елде әр екінші бала тойып тамақ ішпейді екен.