13 жасар балаға күрделі ота жасалды

185
28.09.2021 22:47

Шымкент қаласындағы балалар ауруханасының дәрігерлері 13 жастағы балаға күрделі ота жасады. Ақ халаттылар жасөспірімнің тамағында пайда болған үлкен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Мамандардың айтуынша, қалқанша без аймағында мұндай көлемдегі ісіктер сирек кездеседі, ал науқаста оның диаметрі 10 см-ге жеткен. Бір жарым сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Қазір науқастың жағдайы жақсы.