Елімізде 173 мұғалім «Үздік педагог» атағына үміткер. Кәсіби мереке қарсаңында елуден астам мұғалім осы марапатқа ие болады. Үздіктер аудан, қала және облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген. Олардан кемінде бес жыл педагогикалық өтілінің болуы, кәсіби шеберлігі ескерілетін болады.
️