Түркістан
EN

Тәжік-ауған соғысының ардагері майдандасына “Халық қаһарманы” атағын беруді сұрайды

2184
23.09.2021 23:00

Ал, тәжік -ауған соғысының ардагерлері шайқаста шейіт болған қаруласына «Халық қаһарманы» атағын беруді сұрайды. Раджан Батырханов осыдан 27 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында небәрі 19 жасында қаза тапқан.  200- дей содыр қазақ әскері күзеткен Висхарв шатқалындағы шекара бекеттерін бұзып өтпек болған екен. Сол шайқаста Раджан 10 шақты қаруласын құтқарып қалып, өзі ауыр жараланып, мерт болған. Ол Күршім взводының атқыштар батальонының құрамында еді.

️