Бәйдібек ауданында НұрОтан партиясы қоғамдық қабылдау өткізуде. Мәслихат депутаттары өткізген жиында ауыз су, жерге қатысты, газ, жол жөндеу сияқты мәселелер сөз болды. Сонымен қатар, электр бағаналарының да ескіргендігі әңгіме арқауына айналды. Мал жайылымы да әлі шешілмеген түйткілдер санатында. Партия мүшелері өткізген жиынға ондаған тұрғын келді. Олардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі сол жерде оң шешімін тапты. Қалғандары қатаң бақылауда болады.
️