Жүз жасаған қария онлайн санақтан өтті

249
23.09.2021 04:40

Жетісайда 101 жастағы кейуана онлайн санақтан өтті. Забира Смаилова соғыстан кейінгі жылдары тұралап қалған ауылдарды қалпына келтіру ісіне атсалысқан. Бүгінде әжейдің 9 перзенттен тараған 40 немере мен 120 шөбересі бар екен. Кейуана халық санағының жүргізілуі елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайына әсері бар екенін айтады. Сондықтан науқанға өз отбасымен белсене қатысып отыр. Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында жасы 100-ден асып, ғасырды ғасырға жалғаған 6 қария тұрады.