Өңірдегі айналма жолдар жаңартылуда

172
23.09.2021 04:37

Түркістан облысының алдағы 5 жылда 2 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Бұл мақсатқа 2021 жылы республикалық бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін облыста жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 87%-ға жеткізу көзделуде. Соның бірі Кентау-Ащысай бағытындағы айналма тас жолы. Аталған жұмыстар 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады дейді мамандар.