Тұрғын үй бағасы құрылыс құнынан қымбат

175
23.09.2021 04:33

Елімізде тұрғын үйдің бағасы құрылыс құнынан екі есе қымбат. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында жаңа үйлердің орташа бағасы 343 мың теңге болыпты. Ал оны салу кезінде әр шаршы метріне шамамен 150 мың теңге қаржы жұмсалады. Құрылыс құны мен үйдің бағасындағы айырмашылық бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Мұнда әр шаршы метрге орташа есеппен 68 мың теңге жұмсалып, кейін 251 мың теңгеге сатылады. Ал ең арзан баспана Тараз, Ақтөбе, Қызылорда,Талдықорған және Орал қалаларында.