Түркістан
EN

Өңірде дәрігер тапшылығы сезілуде

304
22.09.2021 23:00

Мәжілісте көтерілген тағы бір түйіткіл. Депутат Сәлімжан Нақпаевтың айтуынша елде медицина мамандықтарына бөлінетін грант саны азайып кеткен. Соның кесірінен өңірлерде дәрігер тапшылығы сезіліп жатыр дейді- халық қалаулысы. Сандарды сөйлетсек, Атырау өңірінде 219, Батыс Қазақстанға 267 ақ халатты қажет.  Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, травматолог, эндокринологтар аз.  Депутаттың пікірінше, білім гранттарын бөлген кезде осы дәрігерлер жетіспейтін аймақтарға басымдық берілуі тиіс.

️