Түркістан қаласының аумағы ұлғайды

169
23.09.2021 04:01

Түркістан қаласының аумағы ұлғайтылды. Яғни  құрылыс нысандарына бөлінген жер көлемі 19 мың гектардан 22 мың гектарға артқан. Негізінен бұл жоспар 2020 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Cәйкесінше, жерді ұлғайту жоспары мезгілінен ерте орындалып отыр. Айта кету керек, бүгінде қаланың халқы 200 мыңнан асты. 2025 жылға дейін қала тұрғындарының санын 250 мыңға, 2035 жылға қарай - 350 мың адамға дейін жетеді. 2050 жылы - 500 мың болады. Яғни қала аумағының ұлғаю да заңды дейді қала сәулетшілері.