Биткойн бағасы 30 пайызға төмендеді. Вируталды ақшаның арзандауына Қытайдың аталған валютаны төлем құралы ретінде пайдаланудан бас тартуы себеп. Бұл шешімнің нарыққа әсер еткені сонша, қазір бір биткоинның бағасы 40 мың доллар. Осыдан бір ай бұрын ғана ол 65 мың доллар шамасында саудаланған еді.
Биткойн бағасының құлдырауы өзге де цифрлық валюталарға әсер етуде. Қазір олардың да бағасы бірінен соң бірі арзандап жатыр. Жұрт криптоақшаны жаппай сата бастаған соң ірі криптобиржаларда техникалық ақау шығып, сауда тоқтап қалған. Алайда, бұл жүйенің біздің елімізге алып келер пайдасы зор. Оған криптожүйе арқылы мемлекетімізде ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асқаны дәлел. «Ал, аталмыш жүйе заңда толықтай мақұлданса, ішкі нарыққа екі есе пайда алып келеді», - дейді сарапшылар.
ӘЛІШЕР АХМЕТОВ – САРАПШЫ
Оған еліміздің көп қызығушылық танытып отқанының себебі, елдегі валюта бағамын Америкалық доларраға тәуелсіз ету. Сондықтан бұл қазір белең алып отыр. Біздің Қазақстанның тоқ көзі Еуропа, Ақш елдеріне қарағанда әлдеқайда арзан. Түркістан облысында, Республикада жеріміздің үлкендігін пайдаланып баламалы тоқ көзін пайдалану арқылы криптовалютаны өзімізде өндіруге болады. Бұл зор пайда алып келеді.
Қазақстандық кәсіпкерлер айына 25 млн.-ға дейін криптовалюта өндіруде. Осылайша, еліміз әлемдегі екі жүздей мемлекетті басып озып, жаһандық лидерлер қатарына кірді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді. Алдыңғы қатарда Қытай, АҚШ, Ресей елдері тұр. Министрдің хабарлауынша, мемлекетіміздің жаҺандық майнингтегі үлесі 6 пайызға жеткен.
МАҚСАТ ХАЛЫҚ – ЭКОНОМИСТ
«Бізде өте көп азаматтар табыс тауып отыр. Бірақ, ол заңдастырылмаған соң, табысынан мемлекетке салық төлемейді. Нәтижесінде, милиардтаған қаражаттар айналымда жүр. Бірақ, ол салық заңнамасына сәйкес алынбаған соң біздің бюджетке шығын алып келіп жатыр деп айтуға негіз бар»
Айта кетейік, Қазақстан аумағында криптовалютаны шығаруға және айналымға түсіруге тыйым салынған. Оған тек «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғана құқы бар. Экономистер тек келесі жылдан бастап криптожүйені заңдастыру жоспарда бар екендігін айтады. Ал ірі инвестициялық компаниялар биткоиннан бас тартып, алтынға көше бастапты.
️