Шымкенттік шенеунік халықты вакцина cалуға шақырамын деп күлкіге қалды. Қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы желідегі жазбасында : «алда-жалда ауырып қалсаңыз, сіздерді жансақтау бөліміне жатқызамыз, ал жеке заттарыңыз бен телефоныңызды жұбайыңызға тапсырамыз. Осылайша олар бар құпияларыңызды, көңілдестеріңіз жайлы біліп қояды. Сондықтан ұятқа қалмас үшін вакцина салыңыздар”, – деген. Кейіннен Бақытжан Позилов бұл жазбасын өшіріп тастаған, дегенмен, желіде оның жазған мәтінінің суреттері тарап кетті. Ең қызығы, қала тұрғындары шенеуніктің бұл жазбасын жылы қабылдапты.
️