Түркістан облысына вакцинаның жаңа түрі келді

123
21.09.2021 22:40

Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді.  Екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пунктерінен қабылдауға болады.  Енді облыс тұрғындары отандық QazVac, ресейлік «Спутник V», Sinopharm компаниясының HayatVax және Vero Cell, қытайлық CoronaVac вакцинасын салдыра алады. Сондай-ақ өңірде тұмауға қарсы екпе жұмыстары да басталып кетті. Осыған орай, тұрғындарды иммундау мақсатында «Гриппол» вакцинасының 300 мыңнан астам дозасы сатып алынды.  Айта кетейік, Түркістан облысы әлі де «жасыл» аймақта.