Қазақ халқының ғана емес күллі түркі жұртының киесі саналатын Тайқазанның құйылғанына 622 жыл. Ал, Ресейден тарихи орнына қайтарылғанына 32 жыл. 6 ғасырлық тарихи бар жәдігер бүгінде кесенеге көрік беріп тұр. Осы айтулы датаға орай Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде «Құт пен берекенің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды. Мұнда Тайқазанды Санкт-Петербургтен алып келген сәт, қазанды орналастырып жатқан кезден үзінді 50 шақты фотосуреттер қойылған. Сондай-ақ, Кесенеге келушілер енді тайқазанның тарихына ғана қанығып қоймай, қара қазанның әр кезеңі таспаланған суреттерін де тамашалай алады. Көрме 1 айға жалғасады. ОТВ: Айта кетейік, 1935 жылы Ресейде өткен Иран қолөнершілерінің 3 ші халықаралық құрылтайында тайқазанды көрсетпек боп алып кеткен. Сол кеткенінен оралмай араға 54 жыл салып Өзбекбекәлі Жәнібеков бастаған топ киелі қазанды тарихи орнына қайтармақ боп құжат жинай бастаған. 5 жылға созылған Тайқазан үшін күрестің нәтижесінде 1989 жылы 18 қыркүйекте құнды жәдігер елге оралған еді.
️