Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету хабын құру керек. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қасым- Жомарт Тоқаев айтты. Сондай-ақ президент Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Айта кетсем, Душанбе қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары жиналған. Осы жолғы жиынның күн тәртібі – Ауғанстандағы жағдай, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту.
️