Әлемде санитарлық дағдарыс кезінде 1 миллиардтан астам бала мектепке бара алмады. Бұл мәліметті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жариялады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, оқушылар қашықтан сабақтардың 56 процентіне ғана яғни жартысына ғана қатысқан. Сарапшылар «енді мұның зардабын болашақта тартуымыз мүмкін» деп қауіптенеді. Сондықтан қазір індет деңгейі өссе де мектептерді жаппау керек деген пікірде. Аталған ұйым мамандары білім саласына қаржыны көбейтіп, педагогтарды жан-жақты қолдау керек деген ұсыныс айтады. 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін әлемдегі әрбір оныншы бала мектепті мүлде тастаған.
️