Түркістан облысының 137 мыңнан астам тұрғыны көлік салығын төлемеген. Соның кесірінен облыс қазынасына 2,5 миллиард теңге шығын келтірді. Жауапты мамандар берешекті өндірудің бірден бір жолы рейдтік шара деп отыр. Тексеріс нәтижесінде 1 айда 50 мың адам мемлекет алдындағы 861 млн теңге қарызын төлеген.
Көлік салығын төлеуден 2-3 жылдап сытылып кеткендер, бәрібір қырағы камерадан қашып құтыла алмады. Автоураган қондырғысы жүйткіген әр көлікті тексеріп, берешегі барларды бірден анықтады. Тоқтатылған борышкерлердің әрекеті әр қилы. Бірі салығын сол сәтте төлесе, екіншісі сол сәтте жаға жыртыса кетті.
Мен сотпен төлегем ғой. Мен сізге түсіндіру үшін налоговый инспекторларды шақырдым. Ой, бұларың шығара береді.
Тексеріс жұмысы мамыр айының басынан басталды. Содан бері берешек саны 35 пайызға қысқарды. Осылайша бір-ақ күнде тәртіп сақшылары 500-ден асам көлікті тоқтатып, облыс қазынасына 3 млн теңге түсірді.
ЗАГИТ ЖАППАРҚҰЛОВ - МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Өткен жылы көлік салығын есептеген уақытта, 2,7 млрд болған. 200 млн яғни, прмерно 30 мың салық төлеуші. Жылдан жылға дұрысталып келе жатыр түсіндіру жұмыстарының арқасында.
Облыста ескертуді елемейтін жүргізушілер де жетерлік. Ондайлардың ісі жеке сот орындаушыларына өтеді. Кейіннен, есеп шоттары бұғатталып, тіпті шетелге шығуына тосқауыл қойылады. Рейдтік шара барысында камераға іліксе, көлігі ақылы автотұраққа қойылады. Ал салық уақытылы төленбесе, күн сайын үстеме қосылады.
️