. Елордада вакцина паспортын сатып келген медицина қызметкерлері ұсталды. Жалған құжат жасауды кәсіпке айналдырған топтың құрамында үш адам болған. Олардың біреуінің міндеті клиент табу болған. Күдіктілердің соңғы үш ай бойы ақшаға жалған вакцинация жүргізгені белгілі болып отыр. Медицина қызметкерлерінің өздері қылмыс жасағанын мойындады. Сондай-ақ полицейлер бұл дәрігерлерден кімдер жалған екпе паспортын сатып алғанын анықтап жатыр. Айта кетері, жыл басынан бері Қазақстанда ПТР-анықтама мен вакцина құжатын қолдан жасау және пайдалану бойынша 156 қылмыстық іс қозғалған.
️