Тараздағы жарылыста қаза тапқандар «Айбын» орденімен марапатталды

269
16.09.2021 04:46

Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған 7 адам «Айбын» орденімен наградтталды. №28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары Саят Әлімбеков, Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Заикин және осы әскери бөлімі сақтау бөлімшесінің бастығы Ерлан Қырғызәлиевке І дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Ал №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Әділет Әділбек пен Әліби Кеңес және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері Ғафан Қуатбек пен өрт сөндірушісі-құтқарушысы Жәнібек Тұрманов, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Естеріңізде болса, 26 тамыз күні Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, 10 нан астам оқ дәрі жарылды. Жойқын жарылыстан 13 адам қаза тауып, 98-і жарақат алды.