Бағдат Мусин: Егов порталы ешкімге берілмейді

171
16.09.2021 04:40

Егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді! Ал ел тұрғындарының  барлық дерегі Ресей Федерациясына қолжетімді болады" деген түсінік қисынсыз. Қоғамда дау тудырған жоба жөнінде Facebook парақшасында түсініктеме берген цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай ақталды. Оның пікірінше,  eGov-ты ескі жүйеден шығарып, орнына сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнату міндеті тұр. Министрдің сөзінше, халық үшін де, экономика үшін де жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін цифрландырудың жан-жақтан құралған моделінің орнына тұтас платформаға өтетін кез келді. Ал бұл жұмысқа бөлінген 500 миллион теңгенің барлығы Сбер-ге жұмсалмайды.

 

Естеріңізге салсам, 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумы аясында премьер-министр Асқар Мамин мен Сбербанк басқармасының төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Ол құжатқа сәйкес, ресейлік компания Қазақстанның мемлекеттік секторын цифрландыру жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысады.