Субсидиядан қағылған шаруалар шағымданды

53
16.09.2021 04:34

«Есептік нөмірге бола, субсидиядан қағылғалы отырмыз». Түркістан облысы Сауран ауданынан бір топ шаруа арнамызға осылай  арызданды. Айтуларынша, осы уақытқа дейін құжатын түгендеп өткізіп, енді субсидияға қол жеткізгелі жатқанда қоралар  талапқа келмейді деп қайтарып жіберген. Амалы таусылған олар енді кімнен көмек сұрарын білмейді. Шаруалардың жанайқайын әріптесім Жандос Тастемір тыңдап қайтты.