5 адамның өліміне байланысты алғашқы сот отырысы өтті

108
16.09.2021 04:33

Түркістанда бес адамның өліміне себеп болған қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Қылмыстық іске басты күдікті ретінде табиғи газ орнату компаниясының екі қызметкері тартылған. Дәнекерлеуші болып қызмет жасайтын 1989 және 1999 жылы туылған қос бірдей азаматтың қылмысы әлі толық анықталмады. Бүгінгі жиында тек айыпталушы тарап қана төбе көрсетті. Ал, жәбірленуші жақ еш себепсіз сот отырысына келмей қалған. Сондықтан да Түркістан қалалық соты қылмыстық істің шешімін 22 қыркүйекке қалдырды. Естеріңізге салсам, биыл 26 ақпан күні жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдан иіс тиген бес адам өлі табылған еді. Марқұмдар бір үйдің 4 баласы мен олардың анасы екені белгілі болды.