Есірткі саудалайтын 800-ден астам сайт бұғатталды

122
16.09.2021 04:31

Биыл есірткі саудасымен айналысқан 810 интернет порталдың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады. Оның сөзінше, соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген. Олардың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы жабылды. Тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңды айналымын да тексерді. Бір таңқаларлығы мұндай заттарды рецептсіз сатып жатқан дәріханаларда бар болып шығыпты.