Қазақстандық спортшылар белбеу күресінде жеңіске жетті

134
16.09.2021 04:27

Жерлестеріміз тағы да жеңіспен оралды. Қыркүйек айының 5-7 күндері Ресей Федерациясының Қазан қаласында жасөспірімдер арасында өткен Белбеу күресінде түркістандық сайыпқырандар 2 алтын, 1 күміс медальға ие болды. Жеңімпаздарды отбасы мен жанкүйерлері темір жол вокзалынан күтіп алды. ОТВОДКА: 85 келі салмақта сайысқа түскен Асылжан Кәрім мен 95 келіде қарсыласын сан соқтырған Алмас Темірбай алтын медаль иеленді. Сонымен қатар,  əлем чемпионатында ел намысын қорғаған балуан қыз Ақбота Қыдырәлі 63 келіде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды. Айта кетерлігі, балуандардың дені – Әбдісалан Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары.